Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

А.Сабдин: Олар ислам дінін кемсіткендерін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. – «Жусан» операциясымен Қазақстанға оралып, бүгінде Ақтаудағы тергеу изоляторында отырғандармен теолог Асқар Сабдин сөйлесіп қайтты, — деп «Актюбинский Вестник» басылымына сілтеме жасап KAZISLAM жазады .

Теолог уақытша тергеу изоляторында отырғандармен үш сағаттық сөйлесу барысында олардың сенімі мен қағидасы, отбасылық жағдайлары, Қазақстанда жүргенде қай кезде намаз оқығандары және шетелге қалай шыққандары туралы толық ақпарат алған. Қамауда «Жусан-2» операциясымен елген оралған 4 ақтөбелік бар.

А.Сабдиннің айтуынша, олардың айтқан суреттемелері 2016 жылы Ақтөбеде теракт жасағандарға ұқсайды. Оның Исламды қандай кітаптар арқылы оқыдыңдар деген сұрағына бәрі бірдей «Үш негіз», «Төрт ереже», «Китаби таухид» деген кітаптарды оқығанын айтқан. Басқа ешқандай кітапты оқымайтындарын айтқан олардың тыңдайтын уағыздары да бірдей көрінеді.

«Идеологиялық жағынан қарасақ, стандартты сәлафиттер. Бір қызығы, ИШИМ құрамына қосылғаннан кейін де, олар сол сәлафиттік ағымның кітаптарымен білім алған. Олардың екеуі 2006 жылдан бастап намаз оқып, кейін біреуі Сирияға аттанып кеткен. Сол жерде әскери қақтығыстарға қатысып, тіпті Біріккен Араб Әмірліктерінде болған. Екінші тұтқын 2011 жылы Вазиристандағы соғыстарға бір жылдай уақыт қатысыпты. Екеуі де 2013 жылдан ресми ИШИМ-нің құрамына қабылданып, 2019 жылға дейін осы ұйымда болған. Тұтқынға сол жерде берілген», — дейді Сабдин.

Теолог олардан: «Адасқандарыңды түсіндіңдер ме?» деп бірнеше рет сұрағанын, олардың: «Адасқанымызды түсіндік, бұрынғы көзқарастарымыздан бас тартамыз» дегенін айтады.

Сондай-ақ, Сабдиннің «сендер ИШИМ құрамында 5-6 жыл жүріп, Алла сөзін ұлықтадыңдар ма?» деген сұрағына «Жоқ, ұлықтамадық» деп жауап берген.

«Осы арқылы Алла сөзін, Құран, сенім мен жалпы ислам дінін кемсіткендерін мойындап отыр. Сол сәтті пайдаланып, мен оларға: «Құдай алдында өздерің жауап бересіңдер, бірақ халықтан кешірім сұрағандарың дұрыс» деп, өз кінәларын мойындағандарын 2016 жылғы теракт қатысушылары сияқты видеоға жазуды ұсындым. Бір шетінен бұл жастардың адаспауына үлесін қосар еді. Екеуінің де ешқандай кінәлары жоқ балалары бар екенін атап өткім келеді. Елден кеткенде жігіттер 21-24 жаста болған» — дейді теолог.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *