Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бішкектегі ШЫҰ саммитінде терроризм, есірткі мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Есірткіге қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша жүмыс жоспарын қабылдау да маңызды. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де барынша өзекті. ШЫҰ-ның серіктес елі Шри-Ланкадағы осы жылдың сәуірінде орын алған теңдессіз теракт БҰҰ қамқорлығымен жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өзекті екендігін дәлелдейді.  Қазақстанның БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясында ұсынған терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі кодексі халықаралық терроризмге қарсы күресте өзінің маңызды рөлін атқарады»,  — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жаһандық  желідегі терроризм проблемасы да алаңдаушылық тудыратындығын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды талап етіп, ШЫҰ-ның ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға түрткі болатындығын баса айтты.

«Есірткіге қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдау да маңызды деп санаймыз. Біз ШЫҰ хатшылығының БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен кооперацияны тереңдету күш-жігерін қолдаймыз. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы аймақтағы есірткі қаупіне қарсы әрекет ету бойынша бірлескен шаралар үшін тұғырнама бола алады деп есептейміз», — деді Қ.Тоқаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *