НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым. Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне «Деструктивті діни жат ағымдардан сақтану жолдары» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.Бұл туралы kazislam жазады.
Кездесуге «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ инспекторы Б.Күзекбай, Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің наиб имамы, облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Т. Ельмеев лектор ретінде қатысты.
Іс-шара барысында зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы мемлекеттік саясатты, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру жөнінде түсіндірілді.
Кездесудің соңында дін мәселесіндегі сұрақтар туындаса 30-05-74 сенім телефонына және Республикалық антитеррорлық «110» қауырт желісіне хабарласу керектігі ескертілді.