НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында бірнеше жойқын жарылыс болды.Бұл туралы Хабар 24 жазады.
Салдарынан 30 адам көз жұмып, 40-қа жуық тұрғын жарақат алды. Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Лаңкестік әрекетті жанкештілер ұйымдастырған. Оның бірі әйел адам болды. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.