Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Крайстчерчтегі шабуылдың бейнежазбасын таратқан тұлғаға жаза тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым. Крайстчерчтегі қанды қырғынның бейнежазбасын таратқаны үшін Жаңа Зеландияның тұрғыны 21 айға бас бостандығынан айырылды, деп Хабар 24 ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

44 жастағы Филлип Арп шабуыл видеосын әлеуметтік желі арқылы тағы отыз адаммен бөліскен. Естеріңізге салсақ, наурыз айында қаруланған ер азамат Крайстчерчтегі екі мешітке шабуыл жасап, 51 адамды атып тастады. Оған қоса, қылмысты фэйсбук парақшасы арқылы тікелей эфирден көрсеткен. Ал Филлип Арп жантүршігерлік атыс видеосының басқа нұсқасын жасаған көрінеді. Мәлім болғандай, айыпталушы бұған дейін де жауапқа тартылған. 2016 жылы ол Жаңа Зеландиядағы мешіттердің біріне доңыздың қанды басын жіберген. Мұндай ерсі қылығы үшін сол кезде 543 доллар көлемінде айыппұл төлеген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *