НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым. Америкалық Пенсильвания штатының шығыс округінің прокуратурасы Филадельфия портында құны миллиард доллардан асатын шамамен 16,5 тонна кокаиннің тәркіленгені туралы хабарлады, деп РИА Новости хабарлады.
«Федералды билік Филадельфиядағы Packer Marine портындағы үлкен кемеден 16,5 тонна кокаин тәркіледі. Бұл Пенсильвания шығыс округінің тарихындағы тәркіленген есірткінің ең үлкен көлемі», — деп прокуратура Twitter-дегі парақшасында хабарлайды.
Қара нарықта тәркіленген кокаиннің құны миллиардтан астам долларды құрауы мүмкін.
Прокуратура мәліметтері бойынша, кеме экипажы ұсталған, оларға айып тағылған. Оқиға бойынша тергеу амалдары өтуде.