НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Фарах провинциясындағы полиция штабының, барлау қызметінің расталған ақпаратына негізделген мәлімдемесінде американдық әскерлер Фара-Род аймағында талибандар көліктізбегіне әуе соққы жасады. Бұл туралы Khaama Press сілтеме жасап АфТАГ хабарлайды.
Полиция штабы әуе соққысының салдарынан талибтер тобының төрт ықпалды мүшесі, соның ішінде молла Мохаммад Мустагфир, «Фарах Род» қозғалысы көлеңкелі округінің басшысы және Фарахтың № 1 тас жолының басшысы қаза болғанын мәлімдейді.
Әуе шабуылы барысында сондай-ақ тізбекте келе жатқан үш көлік жойылды.
Сонымен қатар, 207-ші корпус өзінің мәлімдемесінде молла Мустагфир және оның үш әскерилері әуе соққысының нәтижесінде қаза болғанын көрсетті, деп хабарлайды Khaama Press .