НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым.Испанияның Барселона қаласында тәртіп сақшыларының есірткі саудасына қарсы рейді өтті.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Арнайы ұйымдастырылған операцияға Каталония полициясының мыңдаған қызметкері жұмылдырылды. Олар аймақтағы барлық ғимараттарды тінтіп, есірткі саудасына қатысы бар деген 50-ден астам күдіктіні қамауға алды. Сонымен қатар құрамында есірткі заты бар 5 келіден астам тауар тәркіленді.