НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым. Дагестанда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған «Ислам мемлекеті» террористік тобының екі жақтасы жойылды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федерациясының ҰТК-ке сілтеме жасай отырып.
Сенбі күні, сағат 22. 00 шамасында, Хасавюрт ауданындағы Эндирей мен Карланюрт ауылдары арасындағы жолда құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі қарулы қарақшы отырған ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатуға тырысты. Қаруын тастап, берілу талабына олар оқ жаудыра бастады.
Нәтижесінде екі қылмыскер бейтараптандырылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнында автомат пен тапанша табылды.
Қауіпсіздік күштері арасында және азаматтық тұрғындар арасында қаза болғандар жоқ.
ҰТК мәліметтері бойынша, Махачкала тұрғындары ИМ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жақтастары болды. Оның басшыларының нұсқаулығымен олар қару-жарақ, автокөлік сатып алды және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасауға ниеттенген.