НҰР-СУЛТАН, 26 маусым. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы 26 маусымда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін лаңкестікке қарсы оқу- жаттығулар өткізіп жатыр. Оқу-жаттығу орны – Тұран даңғылы, 89 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ әкімшілік ғимараты, деп B.News.kz хабарлайды.
Оқу-жаттығулар күрделіліктің түрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу кезінде шектеу шаралары болады.
«Осыған байланысты біз азаматтарды оқу іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарап , қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», — делінген таратылған хабарламада.
Іс-шараның мақсаты — ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың лаңкестік көріністерге төтенше әрекет ету жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін практикалық дамытуы.