НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының қадағалау іс-шараларының барысында есірткі мен психотроптық заттарды сатумен айналысатын алты шетелдік сайт анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі .
Тыйым салынған заттарды сату схемасы ТМД елдері мен шетелдерде кеңінен таралған механизмге ұқсас болды.
Ақша төленгеннен кейін, тауар бейнебақылау жүйесімен жабдықталмаған елсіз жердегі жасырын орынға «салынады», кейін ол жер туралы сатып алушыға хабарланады.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша республика аумағында шетелдік сайттарға кіру бұғатталған.