ҚАРАҒАНДЫ, 27 маусым. Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында «Сарыарқа-Антитеррор-2019» оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өтті, деп 24.kz хабарлайды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің құзырлы органдары терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын бірлесе ұйымдастырды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттері қатысқан оқу жаттығуға Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы бақылаушы елдер мен ТМД елдерінің өкілдері шақырылды. Осы ұйымға мүше елдерге қауіп тудыратын халықаралық террористік ұйымдарға қарсы күрестің ортақ тәсілдері пысықталды. Одан бөлек, лаңкестік шабуылдардың зардабын азайту және жою шаралары талқыланды. Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті.