НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. ҰҚК баспасөз қызметі діни экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер туралы «Құрсаудағы гүлдер» деректі фильмін ұсынды.
Фильмның басты кейіпкерлері ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымның содырлары мен рекруттерінің ықпалына қалай түскенің баяндайды. Сонымен қатар, фильмде психологтардың, теологтар мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің, басқа да саладағы мамандардың пікірі келтіріледі.
Қазіргі уақытта аталмыш баппен 14 әйел бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Олардың қылмысының мотивтері әртүрлі.