Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда акция аясында 20 кг марихуана, 1 кг героин өртелді

ТАРАЗ, 28 маусым.  Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Нашақорлықсыз болашақ» атты акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында өткен «Нашақорлықсыз болашақ» жастар акциясына қатысушылар жиналғандарды зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Акция барысында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында кинолог мамандар және «Арлан» арнайы жасағы қойылымдар қойды. Сондай-ақ, жиылған көпшілік үшін викториналық сұрақтар мен арқан тартыс, гір көтеру ойындары да ұйымдастырылды. «Темекіні таста, жаңа өмірді баста» атты еріктілер ұстаған қораптар көпшілік арасына жол тартты. Темекіні алмамен алмастыратын бұл көрініс көпшіліктің көңілінен шықты.

Жиын соңында қарыштап етек алып келе жатқан есірткіні жою мақсатында 20 келі марихуана және 1 келі героин салынған екі қап жиылған жұрт алдында өртелді.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Алметов аталмыш акцияның жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын айтып, жиынның мақсат-мазмұнына тоқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *