Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстан азаматы Қазақстаннан есірткі алып өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым.  Өзбекстан азаматы автокөлігінің артқы дөңгелегінің жоғарғы жағынан 7 күдікті түйнек зат анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті зат — «каннабис шайыры» есірткі заты болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

 

Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде тексеру барысында 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына өтіп жатқан автокөліктерді тексеру кезінде қызметтік иттердің көмегімен Шевролет  «Каптива» маркалы автокөлігінен күдікті 7 пакет табылған. Автокөлік жүргізушісі — 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы М.Б.

«Көлік кеден бекетінде орналасқан «RAPISCAN CO2» инспекциялық тексеру кешені арқылы сканерден өткізілді. Нәтижесінде автокөліктің артқы доңғалағының жоғары жағынан 7 дана күдікті пакет анықталған. Автокөліктің күдікті заттар орналасқан тұсы «белгіленіп», арнайы тұраққа қойылды. Күдікті пакеттен айрықша иісі бар қоңыр түсті зат анықталды. Айғақты заттар арнайы сараптамаға жіберілді» делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша 3522,146 грамм «каннабис шайыры» есірткі заты анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *