НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Филиппиннің Сулу провинциясында лаңкестер әскери базаға шабуыл жасап, 8 адам қаза тапты. Тағы 12 жауынгер мен 10 тұрғын жарақат алды, деп 24.kz хабарлайды.
Ақпарға қарағанда, алдымен бір содыр әскери гарниозонның қақпасының алдына келіп өзін жарып жіберген. Ал екінші бір лаңкес базаның аумағына еніп, бомбаны іске қосқан. Осыдан кейін қалған лаңкестермен атыс басталып, сарбаздар оларға тойтарыс берген. Шабуылды қандай лаңкестік топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір аймақта қауіпсіздік күшейтіліп, қақтығыс болған ауданға қосымша күштер аттандырылған.