Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ:Шешенстанда полиция бекетіне жасалған шабуылды ИМ мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік тобы Шешенстанда полиция бекетіне жасалған шабуылды өз мойындарына алды. Бұл туралы лаңкестердің қызметін ғаламторда қадағалайтын SITE Intelligence Group порталына сілтеме жасай отырып Lenta.ru хабарлады.

Оқиға 1 шілде дүйсенбі күні Шешенстанның Ачхой-Мартанов ауданында орын алған. Белгісіз адам бақылау-өткізу пунктіне келіп, гранатаны қалқа астына лақтырды. Қызмет орнында болған полиция қызметкері шабуылшының соңынан  қуа жөнелді. Бірнеше пышақ жарақатын алып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Лаңкес оқиға орнында жойылды.

24 маусымда ИМ Грозныйдағы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың резиденциясына қарсы жерде  болған тағы бір шабуылға қатыстылығы туралы мәлімдеген. Ол кезде республика тумасы құжаттарың тексеру мақсатымен көлігін тоқтатқан полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған. Ресей гвардияның қызметкері болып жатқан оқиғаны көріп, қылмыскерге оқ атты. Шабуылшы оқиға орнында жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *