НҰР-СҰЛТАН,02 шілде. Украинаның Ұлттық полициясы сомасы 60 миллион доллар болатын 400 келі кокаин тәркілеп, халықаралық синдикат қызметінің жолын кесті, деп сейсенбі күні ведомство басшысы Сергей Князев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
«Жалпы құны шамамен 60 миллион долларды құрайтын, 400 келі «кокаин» есірткі заты тәркіленді», — деп мәлімдеді Князев брифингте.
Оның айтуынша, полиция Латын Америкадан Батыс Еуропаға есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық синдикаттың қызметін тоқтатты.
Князев құқық қорғау органдары Ұлыбритания мен Нидерландының және Украинаның үш азаматын құрықтады деп хабарлады.