Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында көпқабатты үйдің балконында марихуана өсірген азамат ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 03 шілде. Алматы облысындағы Текелі қаласының полицейлері өз пәтерінде құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек өңірде жүріп жатқан «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталған. Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны және есірткінің заңсыз айналымына қатысы болғаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Күдікті азамат жанұясымен бірге көпқабатты үйдің үшінші қабатында тұрады. Оның пәтеріне санкцияланған тексеру жүргізу барысында балконнан өсіруге және баптауға тыйым салынған марихуананың заңсыз өсінділері табылды. Есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге қарапайым гүл өсіретін ыдыстар пайдаланылған. Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз өскін тәркіленді»,- деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.

Тыйым салынған өсімдікті баптап өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйіне жіберілді.

«Биыл облыстық тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңсыз айналымынан 400 килограмға жуық әртүрлі есірткіні тәркіледі. Олардың ішінде марихуана, гашиш және героин бар»,- деп толықтырды полицейлер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *