Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Помпео Қазақстанды Сириядан оралған адамдарды ықпалдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан СІМ басшысынан Сирияда болған азаматтарды репатриациялау және одан әрі ықпалдастыру тәжірибесімен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Сириядан оралған азаматтарының репатриациясы мен ықпалдасуындағы жаһандық көшбасшылығын атап өтіп, Қазақстанды басқа елдермен өз тәжірибесімен бөлісуге шақырды», — деп хабарлады Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі сейсенбі күні Вашингтонда өткен АҚШ пен Қазақстанның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша.

Помпео сондай-ақ Қазақстанның Ауғанстандағы ұзақ мерзімді бейбітшілікті қолдауын атап өтті және жаңа Үкіметпен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуды қолдады. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы, ведомствоның ресми өкілі Морган Ортагус хабарлағандай, «президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың саяси үдеріске қатысуының өсуі және ел тұрғындарының іргелі бостандықтарын қорғау туралы айтқан сөзін құптады».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *