НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Ирактың батысында болған халықаралық коалицияның әуе шабуылы мен арнайы күштердің операциясы барысында кем дегенде сегіз содырдың көзі жойылды, деп Ирактың қауіпсіздік қызметі органдарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Ақашат қаласынан шығысқа қарай Әл-Халькум ауданындағы іздестіру жұмыстары кезінде Әл-Джазира операциясының штабы құрамындағы «Хашд Хадис бригадасының күштері» төртлаңкесті және олардың көлік құралын жойды»,- Facebook-тегі баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.
Сонымен қатар, Сириямен шекарадан шығысқа қарай Сунейсила көлінен оңтүстікке қарай халықаралық коалиция авиациясының әуе соққысы кезінде төрт лаңкес жойылды.
2017 жылдың желтоқсанында Ирак басшылығы ел аумағының үштен бір бөлігін басып алған ИМ (ҚР-да тыйым салынған террористік топ) террористік тобымен үш жарым жыл соғысқаннан кейін жерді оның террористерінен толық босату туралы мәлімдеген. Лаңкестердің бытыраңқы отрядтары елдің босатылған аудандарында диверсиялар мен шабуылдарды жүргізу әрекеттерін жалғастыруда. Ирактың қарулы күштері ИМ содырларының көптеген шабуылдарының жолын кесуі туралы мәлімдейді.