НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Сирияның оңтүстік шығысындағы Эс-Сувейда қаласында жарылыс болды, деп 24.kz хабарлайды.
Халық көп жүретін көшелердің бірінде мина қойылған мотоцикл жарылып, 3 азамат көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі жарақат алды. Әзірге бұл шабуылға кімнің жауапты екені белгісіз. Ешбір ұйым оны өз мойнына алған жоқ. Айта кетсек, бұл осы жылы Эс-Сувейдада орын алған бірінші теракт.