НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Ресей мен Иран қатысатын Сириядағы жағдай бойынша үш жақты саммит тамыз айында Түркияда өтеді, деп РБК сілтеме жасап kazislam хабарлайды.
«Тамыз айында Түркияда біз Астана процесі аясындағы үш жақты саммитте келесі кездесуді өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған Түркия, Ресей және Иран қатысады», — деп хабарлады түрік басшысының баспасөз хатшысы Ибрагим Қалын.
Оның айтуынша, Идлибтегі деэскалация аймағындағы жағдай, сондай-ақ қауіпсіздік, конституциялық комиссия және босқындар мәселесі келіссөздер тақырыбы болмақ.
Тағы бір, төрт жақты саммит – Ресей, Германия және Франция қатысуымен қыркүйек айында өтеді. Қалын атап өткендей, ол кезде елдер басшылары Сириядағы жағдайды да талқылайды.
Айта кету керек, Сирия бойынша үш жақты саммит өткізуге Қазақстанға тараптарды Нұрсұлтан Назарбаев шақырды.