Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚТӨБЕ, 06 шілде. 5 шілде күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризм айыбы тағылған қала тұрғыны Әлібек Әлиевті – 15 жылға, Жанасыл Жұбатовты 13 жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушылардың апелляцияға шағым түсіруге құқығы бар. Ал егер үкім күшіне енсе, олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.

25 жастағы Әлібек Әлиев пен 31 жастағы Жанасыл Жұбатовқа қатысты қылмыстық істі сот жабық түрде қарады. Полиция екі тұрғынды 2018 жылғы 15 қарашада ұстаған. Тергеу Әлібек Әлиев пен Жанасыл Жұбатовқа «діни араздықты қоздырды, терроризмді насихаттады, заңсыз қару сақтады, қолдан жарылғыш зат жасады» деп айыптаған.

Сот процесі ашық өткенімен айыпталушы тарап сурет-видеоға түсіруге қарсы болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *