НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Камерун және Нигерия билігі екі елдің шекарасындағы терроризммен күрес саласындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында қосымша шараларды қабылдау туралы келісім жасасты, деп «ZanzibarLeo» жаңалықтар басылымына сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлайды.
Келісім Яунде қаласында өткен Камерун мен Нигерияның трансшекаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитетінің жетінші сессиясының екі күндік мәжілісінен кейін жасалды.
Осы кездесуге қатысқан ресми тұлғалар лаңкестіктің алдын алу мақсатында, атап айтқанда Боко Харам террористік ұйымы және сепаратистік қозғалыстар тарапынан үнемі ақпарат алмасу туралы, сондай-ақ пайдалы қазбаларды заңсыз әзірлеу, екі елдің шекаралас аудандарында қару-жарақ пен есірткіні заңсыз сату туралы шешім қабылдады.