Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскеменде дінтанушылар мен теологтар форумы өтті

ӨСКЕМЕН, 09 шілде. Бүгін ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі мен Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде «Діни радикализмнен оңалтудың және қайта бейімдеудің теориялық және тәжірибелік аспектілері» атты дінтанушылар мен теологтардың республикалық форумы өтті, деп kazislam хабарлайды.

Бұл іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша қала, аудан әкімдіктерінің дін саласы бойынша жауапты қызметкерлері, ҚАЖД инспектор психологтары, дін саласының мамандары мен дінтанушылар, теологтар жиналды.

Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы басшысының орынбасары А.Исабаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Е.Қыдырмоллаев, Экстремизмнің алдына алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры А. Сабдин, Е.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің доценті Т.Жақиянов қатарлы білікті мамандар қатысты.

Жиында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин өңірдегі діни ахуал жайлы баяндап, «Жат ағымдармен күресті дәйекті жүргізу мақсатында өкілдіктен мемлекеттік мекемелермен бірлескен шаралар жоспарлап, іске асырып келеміз. Осыған дейін жат ағымның алдын алу бойынша ұйымдастырған әртүрлі кездесулеріміз бүгінгі таңда өз нәтижесін беріп отыр» дей келе, бүгінгі таңдағы жат ағыммен күресте имамдардың тарапынан атқарып жатқан істерге тоқталып, өз ойын ортаға салды.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Ернат Қыдырмоллаев республикалық форумының мақсаты мен маңызына терең тоқталып, бұл жиын дінтанушылар мен теологтардың жұмыс тәсіліне тың серпін беретін игі шара болды деп атап өтіп, орталықтан атқарылып жатқан істерді баяндады.

Форумда Е.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің доценті Т.Жақиянов Қазақстандығы зайырлылық пен діндарлықтың өзара үйлесімділігі мен қайшылығы хақында көлемді баяндама жасап, дін саласындағы күрделі мәселелелерге жан жақты тоқталып, бұл бағыттағы мемлекеттік  саясаттың өзекті қыры жайлы баяндады.

Экстремизмнің алдына алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин өз сөзінде экстремизмнің алдын алу, және оңалту бағытындағы іс-шараларды атқарудың тәжіибелік және теориялық қыры мен қарсы тұру жолдары туралы жан-жақты талдау жасады.

Форумға қатысушы дінтанушылар мен теологтар бүгінгі жиынның бұл саладағы тәжірибе мен теорияны ұштастыруда үшін аса маңызды шара болғандығын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *