Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткіні жарнамалаған жасөспірім ұсталды

ҚОСТАНАЙ, 12 шілде. Қостанайда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 17 жастағы жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласында жүргізілген «Көкнар-2019» және «Паутина» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері автобус аялдамалары мен трансформаторлық будкалардың қабырғаларына граффити салған 17 жастағы жігітті ұстады. Аталмыш жазулар синтетикалық есірткі жарнамалайтын интернет сайттың электрондық мекенжайы болып шыққан.

«Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жеткіншек Рудный қаласының тұрғыны жарнама арқылы  ақша тапқысы келген.  Үй сыртындағы жарнама жазбасын көріп, ол белгісіз адаммен байланысқан.  Интернет арқылы хат алмасу барысында соңғысы оған белгілі бір сомаға үйлер мен басқа да ғимараттардың қасбеттеріне граффити жасауды ұсынған», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *