НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде. Europol мәліметтері бойынша, өткен жылы Еуроодақта 129 теракт орын алған, алдынғы жылмен салыстырғанда 76 оқиғаға аз, деп жазады Sputnik Латвия.
Ең көп, алпыс шабуыл Ұлыбританияда жасалды.
Сонымен қатар, 2018 жылы лаңкестер Францияда ең көп тұтқындалған, олардың саны — 310. Бір жыл ішінде бұл елде отыз теракт болды.
Көбінесе терактілерді этнонационалистер мен сепаратистер жасайды (83 жағдай). өткен жылы жихадшылар 24 теракт ұйымдастырды, бірақ осы әрекеттерде зардап шеккендер көбірек болды. Тағы 19 шабуылды солшыл радикалдар жасады.
Europol талдаушыларының пікірінше, террорлық қауіп «көп қатпарлы» болып келеді, сондықтан да болжамдылығы аздау.