НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында жарылыс нәтижесінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, магнит минасы Джелалабад қаласында жарылған.
Өңірде әрекет ететін бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.