Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбелік полиция есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтады

АҚТӨБЕ, 13 шілде. Ақтөбеде алты ай ішінде 117 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды. Полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтап, зерделеуге жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті алты айды қорытындылады. Өңірде есірткіге қатысты 31 қылмыстық іс тіркеліп, 88 күдікті қамауға алынды. Заңсыз айналымнан барлығы 117 келі есірткі алынып, тәркіленді.

«Жыл басынан бері ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Іс Қылмыстық кодекстің »Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету« бабымен қаралады. Ал »Есірткі заттарын сату бабымен 19, «Ірі көлемде есірткі сақтау» бабымен 4 қылмыстық іс тіркелді«, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, алты ай ішінде патрульдік полиция қызметі есірткі тұтынған 75 жүргізушіні анықтады.

«Полиция қызметі есірткі заттарын жарнамалаған 250 сайтты анықтады. Сайттардың сілтемесі министрлікке жіберілді», — деп хабарлады Е. Сарқұлов.

Өңірде есірткіге тәуелді, психотропты заттар тұтынатын 1500-ден астам адам тіркелген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *