Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Сомалидің Кисмайо қаласында болған лаңкестік әрекеттен 26 адам мерт болды, деп 24.kz хабарлайды. 

Қаза тапқандардың ішінде жергілікті билік өкілі мен шет ел азаматтары да бар. Тағы шамамен 50-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, лаңкес қонақүй маңында өзін-өзі жарып жіберген. Кейін «Аш-Шабаб» атты террорлық ұйымның мүшелері ғимарат ішіне баса көктеп кірген.

Айта кетейік, «Аш-Шабаб» – атышулы «Әл-Каида» террорлық ұйымының құрамына кіретін лаңкестік топ. 2014 жылы Сомалиде аталмыш ұйымның бақылауында болған көптеген елді мекендер азат етілді. Дегенмен лаңкестер шабуылдарын әлі де тоқтатар емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *