Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. 37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.

Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге этникалық топтарға жасап отырғанын қысымын айыптаған еді.

Пекин саясатын қолдайтынын жеткізген хат авторлары Қытайдың «адам құқығы саласындағы жетістіктерін» мақтаған.

«Терроризм және экстремизм сияқты ірі қауіп-қатерге кезіккен Қытай Шыңжаңдағы терроризм мен радикализммен күресу үшін бірқатар шара қолданды, кәсіби білім беру және оқыту орталықтарын ашты» делінген хатта.

Оған 37 елдің өкілі қол қойған. Хатта сонымен бірге Шыңжаңда барлық этникалық топтардың негізгі құқықтары сақталатыны, Пекин әрекетінің арқасында «аймақтағы жағдайдың қауіпсіз бола бастағаны», соңғы үш жылда мұнда террористік шабуыл болмағаны айтылады. Хат авторлары бұған қоса Шыңжаң тұрғындарының «бақытты әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқанын» атап өткен.

Хатқа қол қойған елдер арасында Сауд Арабиясы, Ресей, Солтүстік Корея, Венесуэла, Куба, Беларусь, Мьянма, Филиппин, Мьянма, Сирия, Пәкістан, Оман, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн бар.

Пекин аймақта адам құқығы бұзылып жатыр деген деректің бәрін жоққа шығарумен келеді. БҰҰ жанындағы Қытайдың тұрақты өкілі Сюй Чен жұма, 12 шілдеде БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша қорытынды жиынында Қытай билігі мұндай қолдауды «қатты бағалайды» деді.

Шыңжаң аймағындағы лагерьлер жайлы алғаш рет 2017 жылдың көктемінде айтыла бастаған. БҰҰ Шыңжаңдағы «саяси тәрбиелеу орталықтарында» миллионға жуық адам «еркінен тыс» қамауда отырғанын, олардың арасында ұйғырлар мен қазақтар барын мәлімдеген.

Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар жиналып, «Шыңжаңда жақындарымыз қысым көріп жатыр, лагерьде отыр, Қазақстанға өте алмайды» деген. Олар Қазақстан билігінен, халықаралық ұйымдардан көмек сұраған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Шыңжаңдағы лагерьлер Қытайдың ішкі мәселесі, онда қамауда отырған қазақтар Қытай азаматы» деген. Кейін министрлік Пекинмен келіссөз жүргізіп, Шыңжаңнан бергі бетке өте алмай қалған қазақтардың мәселесі шешіліп жатқанын айтқан.

Қытай үкіметі басында саяси тәрбиелеу орталықтарының барын жоққа шығарып келді. Кейін Пекин Шыңжаңдағы саясатын «экстремизмге қарсы шара» деп атап, адамдар еркінен тыс отырған лагерьлерді «тіл үйреніп, кәсіпке баулитын » орталықтар деп түсіндірген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *