НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Амур облысының полицейлері Еврей АО екі тұрғынының көлік жүксалғышынан 2,5 келіден астам марихуана тапты,деп хабарлайды РИА Новости РФ аймақтық ІІДБ-на сілтеме жасап.
Құқық қорғау қызметкерлері Амур жанындағы Архара ауданының ауылдарының бірінде көлікті тоқтатты.
«Көлік құралын тексеру кезінде полицейлер жүксалғыштан жасыл түсті өсімдік массасы бар 5 пакетті тапты. Зерттеу көрсеткендей, табылған зат жалпы салмағы 2,5 келіден асатын каннабис (марихуана) болып табылады», — делінген хабарламада.
Пакеттер ЕАО-ның екі тұрғынына тиесілі. Оларға қатысты «Есірткі заттарды ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден ешқайда кетпеу туралы тілхат алынды. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.