Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауған аралық диалогы бойынша келесі кездесу 3-4 аптадан кейін Самарқандта өтеді,деп ауғандық 1TV телеарнасына сілтеме жасап CA-NEWS хабарлайды.

Катар мен Германия ұйымдастырған үшінші ауған аралық конференциясы Дохада 7-8 шілдеде өтті. Келіссөздерге Ауған саясаткерлері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

8 шілдеде жарияланған бірлескен мәлімдемеде талибтер мен ауған делегаттары «бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санын болдырмауға»  және Ауған әйелдеріне олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық істеріңдегі, білім беру мен мәдениеттегі негізгі құқықтарын ислам құндылықтары жүйесі шеңберінде қамтамасыз етуге келісті.

Құжаттың міндетті күші жоқ және «Талибан» қозғалысының өкілдері(ҚР-да тыйым салынған ұйым) мен Ауғанстан Үкіметі арасындағы тұжырымды бейбіт келісім туралы болашақ келіссөздердің негізі ретінде қарастырылады.

Ауғанстанда көп жылдан бері үкіметтік күштері мен бұған дейін елдің ауылдық аудандарында едәуір аумақты алып, ірі қалаларға шабуыл жасаған «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары қарсы тұруы жалғасуда. Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері бүкіл ел бойынша терроризмге қарсы күрес бойынша бірлескен операциялар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *