Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде.  Степногорск қаласында ислам дініндегі радикалды идеялардың ұстанушыларымен жұмыс істейтін теологтар үшін «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың оңалтуы мен бейімделуінің теологиялық және психологиялық әдістері» тақырыбында семинар-практикум өтті, деп kazislam.kz хабарлайды. 

Ақмола  облысының ішкі саясат басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» МКМ-сі  дінтану және құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде ұйымдастырған Семинар барысында оңалту жұмыстарының әдістері қарастырылды, дінтану сауаттылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді, деструктивті жалған діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту және қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Семинардың мақсаты – деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыстың теологиялық және психологиялық дағдыларын арттыру.

Семинар барысында исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы тыңдаушыларға діни экстремизм тұрғысынан заманауи салафизм, қоғамның зайырлы мемлекетте шамадан тыс теологиялануы туралы айтып берді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Садуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттің наиб-имамы Қанат Мұқанғалиұлы Алшинбаев тыңдаушыларды ислам дінін ұстанбайтын мұсылмандармен қарым-қатынас және такфиризм мәселелерімен таныстырды.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының «Дін мәселесін зерттеу орталығы» ЖШС психолог маманы Қойшиева Лимана Құттыбекқызы діни ағымдардың тұлға санасына теріс ықпалы және  психологиялық принциптеріне тоқталды.

Оқыту семинар-практикумын қорытындылай келе, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасыныңдін істері бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Жұмағұлов діни саладағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін күшейту контекстінде, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың ұстанушыларымен оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін және құзыретін арттыру үшін өзекті мәселе екенін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар қазіргі заманғы оқиғалар аясында осындай семинарлар өткізу қажеттілігі өте өзекті деген пікірге келді, өйткені деструктивті діни ағымдардың ұстанушылары азаматтарды өз идеологиясына тартудың формалары мен әдістерін үнемі өзгертіп отырады.

Барлық 19 қатысушыға оқудан өткендігін және тиісті білім мен дағдыларды алғандығын растайтын сертификаттар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *