НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде. Үндістан парламентінің төменгі палатасының мүшелері елдегі терроризмге қарсы күреспен айналысатын елдің тергеу органдарының өкілеттігін артыратын заң қабылдады. Бұл заң жобасы лаңкестермен күрес бойынша ұлттық тергеу агенттігінің өкілеттігін кеңейтеді,деп хабарлайды REGNUM.
Естеріңізге сала кетейік, бұл агенттік 2009 жылы Мумбайдағы террористік шабуылдардан кейін құрылған болатын.
«Джагран» үнді жаңалықтар агенттігінің ақпараты бойынша, агенттік өкілдері енді жоспарланған қылмыстарды немесе терактілерді ұйымдастырушыларды сот тәртібімен тергеу және қудалау мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, бұл заң жобасы осы істерді қарастыру үшін арнайы соттар құруды көздейді.
Үндістан парламентінің төменгі палатасының отырысында Ішкі істер министрі Амит Шах бұл заң жобасы елдің ұлттық мүдделеріне жауап беретінін мәлімдеді.