НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Испания полицейлері Барселона әуежайынан Колумбия азаматын ұстады. Ол өзінің паригіне жарты келіге жуық есірткіні жасырған. Бұл туралы Би-би-си-дің жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, әуежайда тым мазасыз күйде болған және оның паригінің көлемі де күдік тудырған.
Полиция қызметкерлері есірткі тасымалдамақ болған азаматтың паригінен құны 30 мың еуро тұратын 503 грам кокаин алды.