ТҮРКІСТАН, 18 шілде. Мақтарал АПБ-не шұғыл ақпарат келіп түседі. Онда жергілікті тұрғынның бірі ауласында «марихуанна» есірткі сорасын өсіріп баптаумен айналысатындығы көрсетілген, деп хабарлайды Түркістан облысының ПД.
Келіп түскен ақпараттың анық-қанығын тексеру мақсатында, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кіріседі. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі қозғалды.
Мақтаарал АПБ-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізу барысында Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғынының үйі анықталды. Жоғарыдағылардың негізінде күдіктінің тұрғын үй ауласын қарап, тінту барысында үй алдындағы сарайдың артында, өсіп тұрған 2 түп есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдігі мен кептірілген түрлері, қолданған құралдары тәркіленіп алынды Сарапшылар қорытындысына сәйкес, зеттеуге ұсынылған «екі» түп өсімдік есірткі құралы «сора» екендігі анықталған. Ал, салмағы 300 г-нан астам.
Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда, аталған есірткі затын қандай мақсатта өсіргендігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде