Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті кездесу 1-2 тамызда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13-халықаралық кездесу өтеді, деп 24.kz хабарлайды.

Алдағы кездесуге кепілгер елдер, яғни Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның, сондай-ақ Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирак пен Ливанның жоғары деңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіссөздерге септігін тигізеді.

Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ Сирия бойынша конституциялық комитетті құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аударады.

1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен, алдын ала консультациялардың өткізілуі жоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *