Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактан қайтарылған тәжік балалары туысқандарының отбасына оралуда

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Ирактан  қайтарылған тәжік балаларын туыстарына тапсыра бастады, деп республиканың бала құқықтары жөніндегі уәкіл Раджабмоха Хабибуллозодаға сілтеме жасай отырып  Sputnik Тәжікістан жазады.  

Хабибуллозода атап өткендей, қазіргі таңда тиісті ведомстволар балалар берілетін отбасыларды зерттеп жатыр.

 «Отбасы —  бұл балаларды тәрбиелеу үшін ең жақсы орта екені күмәнсіз.  Бірақ бұл тұрғыда асықпау керек, бұл отбасыларды зерттеу керек»,-деді балалар омбудсмені баспасөз мәслихатында.

Хабибуллозодтың айтуынша, бірінші кезекте бала туысының қөзқарастарына назар аудару қажет.

Қазір Ирактан қайтарылған балалар «Харангон» курортында. Омбудсмен балалармен Тәжікстан Білім Министрлігінің жұмыс тобы айналысып жатқанын нақтылады.

 «Олар кириллицаны білмейді, оларды оқыту керек. Менің ойымша, бірінші қыркүйекке қарай қайтарылған мектеп жасындағы балалар мектепке барады», — деді Хабибуллозода.

Омбудсмен Ирактан қайтарылған балаларды бейімдеу үшін барлық мемлекеттік органдардың кезеңдік және бірлескен жұмысы талап етілетінін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *