Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанға экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған қырғызстандық ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Биыл жыл басынан бері ҚР аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді, деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.

Діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Басқарманың хабарлауынша, 2019 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың сәуір және мамыр айларында Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау пункті арқылы сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті ҚР аумағына әртүрлі уақытта кіргізбекші болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады», — делінген ведомствоның хабарламасында. 

Олардың әрқайсысына Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *