Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда есірткі сатушыларды іздеу және ұстау бойынша арнайы операциялар өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Сергей Ильин жедел жұмыс барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында есірткі сатушылар құрықталғанын айтты, деп ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлайды. 

“Синтетикалық есірткі алу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Биылғы жылы киви әмиянға ақша салу және аудару жолымен психикалық белсенді заттарды тікелей өткізумен, сондай-ақ елорда аумағында синтетикалық текті психикалық белсенді заттарды таратумен айналысатын адамдар тобы ұсталды. Арнайы операция бүкіл Қазақстан бойынша өтті. Нұрсұлтан, Шымкент, Алматы және Қарағандыда таратушылар анықталды”, – деді Ильин.

Елордалық полиция департаментінің қызметкері есірткі сатушылардан 1000-ға жуық есерлеткіш таблеткасы мен 200-ден астам психикалық белсенді заттар табылып, тәркіленгенін мәлімдеді.
«Операция әлі қисынды қорытындыға келген жоқ,себебі қылмыстық байланыстар шеңбері, жоғарыда аталған адамдардың психикалық белсенді заттарды тарату және сату схемасы анықталуда», – деп толықтырды басқарма басшысы.

Соңында Сергей Ильин 2019 жылы Нұр-Сұлтанда есірткі затын заңсыз сатуға байланысты 82 қылмыстық іс анықталғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *