Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда соңғы 10 жылда есірткі тұтынушылар саны азайған

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Қазақстанда есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдар туралы статистикалық мәлімет жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Нашақорлық туралы айтатын болсақ, Қазақстанда соңғы 10 жылда наркологиялық тіркеуде тұрған адамдар саны азайған», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы Тоқтар Қойшыбеков.

Дәрігердің сөзінше, елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге және 100 мыңға жуық адам ішімдікке тәуелді.

«Бұдан бөлек, астанада есірткіге тәуелділердің саны 13 пайызға төмендеуі байқалады. Бұл шамамен 1200-ге жуық адам, оларға «нашақорлыққа тәуелділік» диагнозы қойылған», — деді Тоқтар Қойшыбеков.

Нұр-Сұлтанда еркектер мен әйелдер арасындағы алкоголизмнің ең жоғары шегі 30-дан 44-ке дейінгі жас.

«Егер есірткіге тәуелді адамдардың жасы және әлеуметтік сипаттамаларына қарасаңыз, онда олар көбінесе 25-тен 44 жасқа дейінгі жастар, орта және арнайы орта білімі бар немесе тұрақты жұмысы жоқ адамдар», — деді ол.

Оның айтуынша, есірткіге тәуелділердің арасында синтетикалық препараттарды қолданатын адамдар саны өсіп келеді. Сондай-ақ жасөспірімдердің арасында синтетикалық есірткі қолдану бойынша үш жағдай анықталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *