Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Аумағында есірткі сатылған шымкенттік ЖОО-ны арнайы комитет тексереді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан аумағында есірткі сатылған шымкенттік ЖОО туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Ерболат Мұхамеджан өзінің Facebook парақшасында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті осы ЖОО-ға тексеріс жүргізіп жатқанын айтқан.

«Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүріп жатыр. Білім беру мәселесінде ЖОО-ның меншік нысаны маңызды емес, ең бастысы — бұл оқу орны және мұндай жағдайға мүлдем жол беруге болмайды. Аталмыш ЖОО-ның жеке меншік екенін және онда мемлекеттік тапсырыс болмағанын әлеуметтік желілерде осы мекеменің Шымкент қаласындағы ең үлкен мемлекеттік ЖОО деген жаңсақ пікір таралуына орай нақтылаған болатынмын», — делінген жазбада.

Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік меншік нысанына қарамастан, барлық ЖОО-ларға қойылатын талаптарды күшейту шараларын қабылдап жатыр.

«Білім және ғылым министрлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсенің жұмысын атап айтқым келеді. Қазір кеңсе емтихан жүріп жатқанын ескере отырып, ЖОО мен колледждерде «құпия сатып алушы» әдісімен жұмыс атқаруда. Соның ішінде жазғы семестрлер мен басқа да науқандардың қалай өткізілетіні тексерілуде» — деп жазды министрдің кеңесшісі.

Еске салсақ, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде қала университеттерінің бірінің спорт залында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтаған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *