НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Сомали астанасы Могадишо қаласында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Тағы 28 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл лаңкестік әрекет. Жарылғыш зат халықаралық әуежайдың тексеру-өткізу пунктінде іске қосылған. Шабуылға қатысты жауапкершілікті әлі ешқандай ұйым өз мойнына алмады. Бірақ құқық қорғау органдары жарылысты ұйымдастырған «Аш-Шабаб» радикалды тобы деп отыр. 2008 жылдан бері осы ұйымның содырлары жанкештерді немесе жарылғыш қойылған автокөліктердің көмегімен осындай шабуылдар ұйымдастырып келеді.