Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ елдері есірткімен күреске бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Шілдеде Шанхай Ыынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында жүйкеге әсер ететін заттарды, синтетикалық және басқа да есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, операцияға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Ауғанстаннан, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бақылаушылары қатысты.

Қазақстан ІІМ басшылығы Алматы қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткімен күрес ведомстволарының өкілдері қатарынан Халықаралық үйлестіру штабының жұмысы ұйымдастырды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында операцияға құқық қорғау органдарының 76,5 мың қызметкері жұмылдырылды, олар 1140 есірткі қылмысын анықтады.

6,8 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 2,5 тонна апиын, 1,3 тоннадан астам героин, 1,8 кг кокаин, тоннадан жоғары мархуана, 837 кг. гашиш сондай-ақ 84 кг синтетикалық есірткі және 41 кг психотроптық заттар алынды.

ШЫҰ көлемінде есірткімен байланысты заңды бұзған екі мыңнан астам адам ұсталды. 70 мың АҚШ доллары көлемінде мүлік пен қаражат тәркіленді.

Қазақстан тарапынан 100 кг астам есірткі, оның ішінде 2 кг героин, 98 кг марихуана, 1 кг гашиш тәркіленді. 252 есірткі қылмысы анықталды, 10 қатысушы құрамында ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. 1 млн. теңгеден астам сомаға есірткі кірістерін заңдастыруға әрекет жасаудың жолы кесілді.

Халықаралық үйлестіру штабының қатысушылары ІІМ Кинологиялық орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ Алматы облысының Іле ауданындағы өндірістік мақсатта техникалық сораны қайта өңдейтін «Қазхэмп» ЖШС-де болды.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Н. Аққошкаров С. «Өрмек» операциясының практикалық іс-шара ретінде маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан ІІМ-нің іс-шараны ұйымдастырудағы рөлін ерекше атап өтіп, Ішкі істер министрі мен жеке құрамына операция жүргізу идеясы және оның сапалы іске асырылғаны үшін алғыс атты. Сондай-ақ «Өрмек» операциясына жыл сайынғы мәртебе беру қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *