Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Байкөл өңірінен келген жігіттен полиция қызметкерлері 15 келі марихуананы тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Бурят Республикасының Мухоршибир ауданында «Көкнәр» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын ашты. Түнде полицейлер Зандин ұлысынан екі шақырым жердегі автожолда көлікті тоқтатты. Көліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 15 килограммға жуық марихуана салынған үш қап табылған, деп хабарлайды РФ ІІМ баспасөз қызметі.

Тексеру барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері есірткі заты Байкөл өңірінің  38 жастағы тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Ол бұл өңірге алғашқы «сапары» емес екенін айтты.  Осы жерге ол есірткіні жинауға және тасымалдауға екі рет келген, алайда, оған қызмет көрсететін жүргізушіні таппаған.

Құрықтау кезде күдіктінің есірткі заттарын пайдалану фактісі анықталды.

Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 228-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Осы баптың аталған бөлігінің санкцияларында көзделген ең жоғарғы жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ер адам ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *