Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда жарты жылда лаңкестік ұйымдардың 97 мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Тәжікстанның құқық қорғау органдары ағымдағы жылдың алты айында лаңкестік сипаттағы 226 қылмысты анықтады, деп елдің ішкі істер министрі Рамазан Рахымзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп жазады АфТАГ.

Оның айтуынша, осы кезеңде елдің құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары экстремистік сипаттағы 378 қылмысты анықтады.

Аталған кезеңде ел аумағында бір лаңкестік әрекет жасалып, екеуінің жолы кесілді, лаңкестік ұйымдардың 97 мүшесі ұсталды.

Жедел және түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқан 169 азамат өз еркімен отанына оралды.

Ағымдағы жылдың 6 айында республикада 12 мың 549 қылмыс тіркелген,оның ішінде 48 адам өлтіру.

Есепті кезеңде заңсыз айналымнан 1 тонна 311 килограмм есірткі тәркіленді (2018 жылдың ұқсас кезеңінде 2 тонна 735 кг), оның ішінде 60 килограмм героин.

Республикада ресми түрде 18-ден 60 жасқа дейінгі 5 мың 666 есірткіге тәуелді, оның ішінде 128 әйел тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *