НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputniknews.kz
Жасырын тергеу барысында 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері анықталды. Бұл қару заңда белгіленген тәртіппен тәркіленген.
«2019 жылдың 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және «ұрылар қауымдастығы» өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар», — деп хабарлады ҰҚК.
Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында қаруды құрастыруға және қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — делінген хабарламада.