Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралдық тұрғын өзінің үйін есірткі ұясына айналдырған

ОРАЛ, 25 шілде.  Оралдық тұрғынның өз үйін есірткіге тәуелділердің ұясына айналдырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қылмыс «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы барысында белгілі болды.

37 жасар тұрғынның пәтерін тінткенде, пайдаланылған шприцтер, есірткі дайындауға арналған ыдыс және басқа түрлі құрылғылар табылған. Бұдан бөлек кеседе сараптама қорытындысына сәйкес экстракциялық апиын түріндегі сұйықтық тұрғаны анықталды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) және 296-бабы 2-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, биылғы алты айда өңірде есірткіге қатысты 291 заңбұзушылық тіркелді. Соның 15-і есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтауға байланысты. Сондай-ақ 5 есірткі тектес өсімдік өсіру дерегі әшкереленді. 2 есірткі ұясы жойылды. 8 кг есірткі және психотроптық заттар заңсыз айналымнан алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *